ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2023 | 15:52
Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын басқарды
Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын басқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы осыған дейін федерация президенті қызметін атқарған Ғалым Құсайынов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Мен Тимур Турловқа шахмат федерациясын басқаруға және шахматты жүйелі дамытуды жалғастыруға келісім бергені үшін ризамын. Тимурдың мүмкіндіктерін, оның стратегиялық көзқарасын біле отырып, оның осы федерацияға келуімен Қазақстанда шахматтың дамитынына сенімдімін. Тимурды Шахмат федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтап, табыс, мүмкіндігінше көп жеңіс тілеймін!", - деп жазды Құсайынов.
Айта кетейік, Ғалым Құсайынов Қазақстан шахмат федерациясын 2022 жылдың мамырынан басқарып келеді.
Freedom Holding Corp негізін қалаушы және негізгі иесі. Тимур Турлов 2022 жылдың мамырында Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы жетінші ең бай бизнесмен атанды. Оның байлығы 2,2 миллиард долларға бағаланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также