Тінікеев даулы видеоға қатысты түсінік берді: Барлығыңыздан кешірім сұраймын

?аза?стан Парламентіні? ресми сайты Желіде даулы видео пайда бол?аннан кейін ?кілеттік мерзімін то?тату туралы ?тініш берген депутат М?хтар Тінікеевті? м?лімдемесіні? м?тінін жариялады.

Қазақстан Парламентінің ресми сайты Желіде даулы видео пайда болғаннан кейін өкілеттік мерзімін тоқтату туралы өтініш берген депутат Мұхтар Тінікеевтің мәлімдемесінің мәтінін жариялады.

27 желтоқсанда жазылған мәлімдеменің мәтіні:

"Құрметті әріптестер, партияластар, сайлаушылар! Сіздерге неліктен мәлімдеме жасап отырғаным белгілі шығар. Қоғам назарын аударған видеоматериал бойынша түсіндіруді және жасаған шешімім жайлы айтуды борышым деп есептеймін. Оқиғаның өзі жеке бас сипатындағы мәселе, сондықтан оның мән-жайын айтпаймын.

Реклама
Реклама

Кәсіби қызметіммен байланысы жоқ жағдайлардағы қате әрекетім болғаны үшін барлық сайлаушыдан, барлық қазақстандықтан кешірім сұраймын. Оқиға демалыс күні, жұмыстан тыс уақытта болғанына қарамастан, бұл мені депутат ретінде, "Нұр Отан" партиясының мүшесі ретінде жауапкершіліктен босатпайды.

Сондықтан мен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты ретіндегі өкілеттік мерзімімді тоқтату туралы өтініш бердім, мұндай шешімді жасау оңайға соқпағанын жасырмаймын. Отанға, Қазақстан халқына, Парламент қабырғасында партияға ұзақ уақыт бойы жасаған қызметім жасампаз еңбек деп есептеймін.

Әріптестерім - депутаттар мен партияластарымды жерге қаратқанымды білемін. Бұл оқиға үшін өкінемін және кешірім сұраймын. Бұл маған үлкен сабақ. БАҚ өкілдеріне де айтқым келеді. Біз сіздермен әрдайым конструктив жұмыс істедік. Сіздерден сұхбаттан қашқан емеспін, әрдайым өз әрекетім үшін жауап бердім. Сондықтан, Сіздер де, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, шын көңіліммен өкінішімді білдіргенімді қабыл алыңыздар. Бұрынғыдай Президентке, еліме және халқыма қызмет етуге өмірімді арнауға дайынмын. Түсінгендеріңізге рақмет". 


© parlam.kz

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама