1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Тинькофф банк", InDriver және Playrix. Қазақстанға қандай IT-компаниялар көшіп келді?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда шетелдік IT-компанияларды тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп

Фото: elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда шетелдік IT-компанияларды тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда мыңнан аса IT-маманына көмек көрсетілді.

"Астана" Халықаралық қаржы орталығында экспат орталық базасында "бір терезе" қағидаты бойынша шетелдік мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды", - деді Мусин Үкімет отырысында.

Министрліктің деректеріне сәйкес, Қазақстанға мына компаниялар көшірілді:

  • Рlауriх видео ойын жасайтын компания (17 миллиард доллар);
  • Tinkoff онлайн-банкі (6,3 миллиард доллар);
  • Nexters видео ойын жасайтын компания (1,9 миллиард доллар);
  • InDriver жолаушылар тасымалы қызметі (1,2 миллиард доллар);
  • Санкт-Петербург биржасы (1 миллиард доллар);
  • Муtona видео ойын жасайтын компания (0,25 миллиард доллар);
  • Туре Туре қаріп студиясы;
  • Lever Travel тур іздеуге арналған онлайн-сервис;
  • Red Mad Robot бағдарламалық жасақтама компаниясы және басқалары.

Сонымен қатар, Мусин соңғы екі жылда IT экспорты екі есе өскенін, 2021 жылы IT нарығының көлемі 3,6 миллиард долларға жетіп, 800 мың долларға келісімшарттар жасалғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!