ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2020 | 16:44
"Тиіспеуді сұраймыз". Министрлік Алматыдағы құтандардың видеосына қатысты пікір білдірді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Алматыдағы құтандардың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Алматыдағы құтандардың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сайран өзенінен төмен жақта жүрген құтандардың видеосы Kris.p.online паблигінде жарияланды. Онда мұз үстінде жүрген бірнеше құсты көруге болады.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, видеодағы құтандар Қазақстанның оңтүстігінде қыстайды. Олардың көбі ұшып кетеді екен.
"Мұздатылмайтын су қоймаларында бұл құстарды жиі кездестіруге болады. Бұл құстар жыл сайын Алматыдағы зообақта қыстайды. Климат өзгерсе немесе жем жетіспей қалған жағдайда ғана бұл құстар ұшып кетеді, бұл қалыпты жағдай. Тұрғындардан оларға тиіспеуді сұраймыз", - деді министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также