28 қазан 2023 | 10:16

ТЖ министрі Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына барды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Костенко атындағы шахтасындағыҚарағандыда "АрселорМитталТеміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтасындағы апатты жою бойынша штабқа оқиға орнына басшылық ету үшін ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов барды. Апатты жою жоспары енгізілді. Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері енгізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды. Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.

Реклама
Реклама

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары ашылды.

Еске салайық, Қарағанды ​​облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная