ТЖ режимі кезінде құжат мерзімі өтіп кетсе не істеу керек?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Полиция қызметкері төтенше жағдай режимі кезінде құжат мерзімі өтіп кетсе не істеу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкері төтенше жағдай режимі кезінде құжат мерзімі өтіп кетсе не істеу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ел аумағында "Төтенше жағдай енгізу туралы" Мемлекет басшысының Жарлығына байланысты төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі өткен мынадай құжаттар жарамды деп танылады:

-  Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты және жеке куәлігі;

Реклама
Реклама

–  Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұру ықтиярхаты;

-  Азаматтығы жоқ тұлға куәлігі;

-  Босқын куәлігі;

-  Пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

-  Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсатнама;

-  Визалар;

-  Еңбек мигранттарына рұқсатнама.

"Көрсетілген құжаттарды ауыстыру (ұзарту) төтенше жағдай аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл жағдайда азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды", - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама