23 наурыз 2022 | 14:03

ТЖД Алматы тауларында қар көшкіні қаупі барын ескертті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына тауда қар көшкіні түсу қаупі бар екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомостваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына тауда қар көшкіні түсу қаупі бар екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомостваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Кіші, Үлкен Алматы өзен алқаптарның тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Алматыда 19-24 наурыз аралығында қар көшкінінің қаупі сақталады.

Қар көшкіні қаупінің сақталуына байланысты мереке күндері тауға аттанған адамдардың назарына жадынама таратылып, қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

"Медеу" тау кешенінде туристер мен демалушыларға таулы жердегі қауіпсіз жүріп-тұру шаралары туралы жадыныма таратылды. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары тік қарлы беткейге шықпағаны абзал. Тауда абай болыңыздар. Көшкін қаупі туралы дауылды ескерту сақталады",- деп ескертті қалалық ТЖД.

Реклама
Реклама

Таулы аймақтарда беткейлердегі қардың тұрақсыз күйіне және жауын-шашынға байланысты қар көшкіні қаупі жоғары.

Фото: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная