ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2019 | 14:49
ТЖД алматылықтардан тауға бармауды сұрайды
Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарын 10-11 қарашада тауға бармауды сұрайды, себебі тау өзендерінде су көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірде ескерту жарияланды.

"10-11 қарашада жауын-шашын жаууына байланысты Алматы облысындағы тау өзендерінде су деңгейі көтеріледі. Тұрғындардан қырағы болуды және тауға бармауларын сұраймыз", - делінген ТЖД хабарламасында.
Еске салсақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 қарашада Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды.
Показать комментарии
Читайте также