ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тұрғындарға ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тұрғындарға ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері Қазгидромет мәліметі бойынша, 12-16 қаңтар аралығында температура -25 градусқа дейін күрт төмендейтінін атап өтті.

"Бұл қауіпті метеорологиялық құбылыс. Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖД қысқы кезеңде сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Көшеде ұзақ серуендемеңіз. Қаладан тыс жерлерге бармаңыз. Көшеге шыққанда жылы киініңіз. Сонымен қатар, департамент қажет мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне бақылауды күшейтуді ұсынды", - деді департамент өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная