07 қыркүйек 2023 | 10:02

ТЖД Жетісу облысы тұрғындарына ескерту жасады

Сурет: elements.envato.com

Жетісу облысында азаматтық қорғауды хабарлау жүйесі тексеруден өтеді: электр сиреналары мен сирень-сөйлеу қондырғылары қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысында азаматтық қорғауды хабарлау жүйесі тексеруден өтеді: электр сиреналары мен сирень-сөйлеу қондырғылары қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023 жылы 11 қыркүйекте сағат 12:55-те "Жер - 2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесіне облыстық тексеру жүргізіледі. Халықты төтенше жағдайдан қорғау жөніндегі басты іс-шаралардың бірі оны уақтылы хабардар етіп, табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындауы немесе туындау қаупі туралы хабардар ету", - деп хабарлады облыстың ТЖД Жетісуға.

ТЖД ақпаратына сәйкес, тексеру барысында теле және радиохабарлар жұмысын тоқтатып, электр сиреналары мен сирень-сөйлеу қондырғылары қосылады.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты тұрғындардан үрейленбей, түсіністікпен қарауы сұралды.

Сонымен қатар, облыстың ТЖД Жетісуда Төтенше жағдай туындаған жағдайда электр сиренасы қосылған кездегі тәртіп ережелерін еске салды.

Егер сигнал үйде кезіңізде болса:

  • радио және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;
  • төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;
  • берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер сигнал көшеде кезіңізде болса:

  • көшедегі дауыс зорайтқыш пен жылжымалы ескерту құралдары арқылы жіберілген жедел хабарламаны тыңдаңыз;
  • берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная