ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2021 | 18:05
ТЖД көктайғаққа байланысты алматылықтарға ескерту жасады
Алматыда дауылды ескерту жарияланды, қалада көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда дауылды ескерту жарияланды, қалада көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 9 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлт болады. Сонымен қатар, түнде және таңертең қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -3 градус және -5 градус аяз, ал күндіз -1 градус аяз және +1 градус жылу болады.
"10 желтоқсанда көшпелі бұлт болғанымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6 және -8 градус аязды, күндіз -1 градус және -3 градус аязды көрсетеді.
11 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6 градус және -8 градус аяз, күндіз +3 және +5 градус жылы болады", - деп хабарлады мамандар.
Төтенше жағдайлар департаменті дауыл туралы ескертіп, жүргізушілер мен қала тұрғындарын сақ болуға шақырды.
"Алматы ТЖД көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жолдағы көктайғаққа байланысты өте сақ және мұқият болуға шақырады. Құлап қалмау үшін көктайғақ кезінде мынадай ережелерді сақтау қажет:
- қар мен көктайғақ кезінде автокөлікті жүргізу күрт нашарлайды, сондықтан көлікті дұрыс жүргізе алмай, нәтижесінде жаяу жүргіншіні қағып кетуі мүмкін;
- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда кесіп өту керек;
- абай болу керек, әсіресе, жолдан өткен кезде, басқа нәрсеге алаңдамау керек (ұялы телефонмен сөйлесу, тағы басқа);
- әрқашан аяқ астына қараңыз;
- аяқкиімді дұрыс таңдауға назар аудару керек: табаны тегіс болу керек және кедір-бұдырлы үлгіні қолдана отырып, сырғып кетпейтін материалдан жасалған болуы керек;
- қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, тепе-теңдікті сақтай алмай қалуыңыз мүмкін;
- тротуарлар, аялдамалар, дүкендер алдындағы баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі жиі құлайтын жерлерге жатады", - деп ескертілді департаментте.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также