11 желтоқсан 2021 | 09:12

ТЖД өкілі "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешеніндегі өртке қатысты түсінік берді

"Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешенінде шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешенінде шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД ақпараты бойынша, Алтын бұлақ-2 тұрғын үй кешеніндегі өрт 01.45-те сөндірілді.

"11 желтоқсанда сағат 23:58-де Алматы ТЖД күштері мен құралдары жоғары шақыру бойынша Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-ге шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері 00:08-де жетті, олар келгенде "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешеніндегі 18 қабатты тұрғын үйінің екі блогында кабельдік шахталар жанғаны анықталды. Эвакуация жолдарында температура жоғарылап, қою түтін пайда болып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Құтқару жұмыстарын жүргізуге барлық күш мен құрал дереу жұмылды. Сонымен қатар, дауыс зорайтқыш байланыс арқылы тұрғындарға есіктерін тығыз жауып, баспалдаққа шықпау керегі айтылды. 

Оқиға орнында шығыс және батыс жағынан өрт сөндіру учаскелері құрылды. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында газ-түтіннен қорғау қызметі 177 адамды эвакуациялады, оның ішінде алты бала бар, 27 адам құтқарылды, оның ішінде бес бала және екі үй мысығы бар. Өртті жою үшін өрт оқпандары қойылды, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Баспалдақтағы түтінді азайту үшін түтін шығаратын өрт сөндіру автомобильдері іске қосылды.

85 қызметкер, 23 техника жұмылды. Қаза болғандар жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Алматыдағы Брусиловский көшесінде орналасқан "Алтын Бұлақ-2" тұрғын үй кешенінен өрт шығып, адамдар жаппай эвакуацияланғаны хабарланған. Тұрғын үй кешінен өрт 10 желтоқсанда кешкі уақытта шыққан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная