11 желтоқсан 2023 | 16:24

ТЖД үйінді астынан бір адам өлі табылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қостанай облысы ТЖД

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері үйінді астынан бір адам өлі табылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері үйінді астынан бір адам өлі табылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін ер адам өлі табылды деген ақпарат қате берілді, құтқарылған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды. Қатты аяздың және конструкция қирандыларының көп болуы іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ақпарат түсуіне қарай толықтырылатын болады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы ғимарат құлаған жерде іздеу жұмыстарының нәтижесінде екі адам құтқарылып, бір адам өлі табылғаны туралы хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная