15 маусым 2023 | 13:52

ТЖМ Абай облысындағы өртті сөндіру бойынша болжамды мерзімді атады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысындағы өрт шамамен 4-5 күнде сөндірілуі мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Абай облысындағы өрт шамамен 4-5 күнде сөндірілуі мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер Абай өңіріндегі өрт қашан сөндірілетінін сұрады.

"Жақын арада, бәлкім, төрт-бес күн", - деді вице-министр.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, журналистер ведомствода неге өртті сөндіретін ұшақтардың жоқтығы туралы сұрады.

"Бізде тек 33 тікұшақ бар, олардың су төгетін құрылғылары бар, бірақ олардың шамамен 16-сы ғана өртті сөндіруге қабілетті. Қалғандары іздестіру жұмыстарына, барлауға арналған. Бірақ олардың барлығы шыға алмайды, өйткені кейбірі бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан олардың тең жартысы үнемі жөндеуде болады. Ұшақтар жоқ, өйткені бұл үшін ақша сұрадық, бірақ берілмеді. Сондықтан біз әлі ұшақ сатып алған жоқпыз", - деп түсіндірді Ибрагим Күлшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная