ПОДЕЛИТЬСЯ
23 желтоқсан 2021 | 13:43
ТЖМ басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қазақстандықтар ауа райы нашарлап, жол жабылатыны туралы хабарламаларды ескермеуіне қатысты үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қазақстандықтар ауа райы нашарлап, жол жабылатыны туралы хабарламаларды ескермеуіне қатысты үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, жаңа жыл қарсаңында құтқару бөлімшелері күшейтілген қызмет түріне және жоғары дайындыққа көшкен.
"Қыс басталғалы бері 173 ескерту жарияланған, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар 35 рет жабылған, автокөліктердің жүруіне алты рет шектеу қойылған. Қабылданған шараларға қарамастан, құтқарушылар 27 адам, оның ішінде 3 баланы құтқарып, 74 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялаған", - деді Ильин ОКҚ брифингінде.
Ведомство басшысы қазақстандықтарға ауа райы нашарлап, жол жабылатыны туралы хабарламаларды ескермеуіне қатысты үндеу жасады.
"Өз өміріңізге, жолаушылар өміріне қауіп төндіруге болмайды. Darmen қосымшасын қолданыңыз, онда төтенше жағдай мен дауыл туралы ақпарат беріледі. Алыс жолға шығар алдында жүргізушілерге көліктің техникалық жай-күйіне көз жеткізіп, ауа райына байланысты киіну қажет", - деп толықтырды Юрий Ильин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также