13 маусым 2023 | 12:50

ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі

Фото:primeminister.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжіліс кулуарында құқық қорғау органдары бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжіліс кулуарында құқық қорғау органдары бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, журналистер ІІМ басшысынан Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізу туралы сұрады.

"Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт дерегінің өзі төтенше жағдай, адамдар қаза болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неге дер кезінде шара қолданбады, мүмкін немқұрайдылық, қызметтік міндеттерін орындамау", - деді Ахметжанов.

Реклама
Реклама

Өрттің ықтимал себептеріне тоқталған ішкі істер министрі бүгінде әртүрлі нұсқалар зерттеліп жатқанын атап өтті.

"Өрт қою, абайсыздық, найзағай түсу деген нұсқа бар. Сараптама және іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді", - деп түсіндірді ІІМ басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная