25 қазан 2020 | 16:05

ТЖМ-де төрт комитет құрылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыға сәйкес, ТЖМ-де Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, биыл қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын. ТЖМ министрі - Юрий Ильин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная