10 желтоқсан 2020 | 12:23

ТЖМ ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген қызметкерге қатысты пікір білдірді

© pexels.com

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы ТЖД-нің лауазымды қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы ТЖД-нің лауазымды қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, ТЖ департаментінің қызметкеріне қатысты жағдай ведомство бақылауында.

Реклама
Реклама

"30 қарашада Экономикалық тергеу департаментінің мамандары ТЖ департаментінің қызметкерін "заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды" (интернет-казино) деген күдікпен ұстап, 2 желтоқсанда босатты.

Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ТЖ департаментінің қызметкері азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу нәтижесіне байланысты осы қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қабылданатыны айтылады. Тіпті теріс қылықтары үшін қызметінен босатылуы мүмкін.

Еске салайық, мұның алдында ТЖМ қызметкерлерінің ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная