ТЖМ сатып алған Tesla Cybertruck қанша тұрады?

Дина Шарипханова Корреспондент
ТЖМ сатып алған Tesla Cybertruck қанша тұрады? видео кадры

2025 жылдың аяғында Алматыда ТЖМ символикасы бар Tesla Cybertruck көзге түсті. Кейін бұл көлік бюджет қаражаты есебінен сатып алынғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылдың аяғында Алматыда ТЖМ символикасы бар Tesla Cybertruck көзге түсті. Кейін бұл көлік бюджет қаражаты есебінен сатып алынғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Мемлекеттік сатып алулар порталында Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Zharyq ЖШС-нен Tesla Cybertruck "жедел-қызмет көрсету көлігіне" тапсырыс берген келісімшарт жарияланды.

Реклама
Реклама

Келісімшарттың жалпы сомасы - 127,5 миллион теңге.

Құжатқа сәйкес, көліктің негізгі мақсаты – төтенше жағдай орнына жедел жету, бастапқы барлау жүргізу, құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіру және оқиға орнында жедел әрекет ету.

Сурет: goszakup

Сондай-ақ Cybertruck:

  • басшылық пен мамандарды оқиға орнына жеткізуге,
  • қолжетімі қиын аумақтарды тексеруге,
  • құтқарушылар, өртсөндірушілер мен дәрігерлер жұмысын үйлестіруге,
  • 1 тоннаға дейін жүк тасымалдауға,
  • күрделі аймақтарда патруль жасауға пайдаланылады.

Tesla Cybertruck жеткізушісі - Алматыда тіркелген, 30 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан ТОО Zharyq. Компанияның негізгі қызмет бағыты – "сымсыз телекоммуникация".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама