ТЖМ Таразда ер адамды құтқару сәтінің видеосын жариялады

ТЖМ Таразда ер адамды құтқару сәтінің видеосын жариялады видео кадры

ТЖМ құтқарушылары өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ құтқарушылары өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Жамбыл облысының "112" қызметіне Таразда орта мектептің жанында, ер адамның өз киіміне жанармай құйып, өзін өртейтіндігі туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына жедел келген ТЖМ құтқарушылары қолда бар құралдармен өздігінен өртеу әрекетінің алдын алды. Зардап шегуші шамалы күйік алып, ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Өздігінен өртеу себебі және басқа да мән-жайлар анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама