23 желтоқсан 2024 | 15:00

ТҚАІ-мен өмір сүру: уақытылы диагностика қалай өлімнен құтқарады

Фото: pixabay.com

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну (ТҚАІ) - сирек кездесетін генетикалық ауру, ол көбінесе көптеген жылдар бойы анықталмаған күйі қалады. Қазақстанда ресми түрде диагнозы расталған 84 науқас тіркелген, бірақ бұл деректер шынайы жағдайды көрсетпейді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну (ТҚАІ) - сирек кездесетін генетикалық ауру, ол көбінесе көптеген жылдар бойы анықталмаған күйі қалады. Қазақстанда ресми түрде диагнозы расталған 84 науқас тіркелген, бірақ бұл деректер шынайы жағдайды көрсетпейді.

ТҚАІ үшін ағзада артық сұйықтықтың жиналуынан туындайтын ісінудің алдын ала болжауға болмайтын, қайталана беретін ұстамалары (ангиоісік) тән. Беттің, қолдың, аяқтың, тамақтың немесе іштің кенеттен ісінуін басқа аурулармен оңай шатастырып алуға болады. Көбінесе мұндай науқастар дұрыс диагноз қойылуын ұзақ күтіп, құнды уақытты жоғалтады.

Ісіктер кез келген жерде өздігінен пайда болып, бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Сол кездерде симптомдар сырттай ғана емес, іштей де, мысалы, ішектен көрініс беруі мүмкін. Оның үстіне жиі гастроэнтерологиялық аурулармен шатастыратын іштің қатты ауыруы бірге жүруі мүмкін, сөйтіп науқастар дұрыс емделмей, тіпті ота жасалады.

Реклама
Реклама

Осылайша ТҚАІ бар барлық адамдардың 54%-ның өмірінде кем дегенде бір рет көмейі ісінген. Симптомдарды уақытылы баспаса, тыныс алу жолдарының бітелуіне байланысты тұншығу қаупі жоғарылайды, ал әдеттегі ісінуге қарсы дәрілер тиімсіз болады.

ТҚАІ бар адамдарға психологиялық жағынан айтарлықтай күш түседі, соның ішінде мазасыздыққа немесе депрессияға бой алдырады Көпшілігі күтпеген, титықтатын ұстамалардан қорқып күн кешеді, ал әрбір келесі ісіну өлімге әкелуі мүмкін.

ТҚАІ үшін арнайы терапия пайда болғанға дейін өлім-жітім деңгейі шамамен 30% құрады, бұл ретте тұншығудан болатын өлім қаупі ТҚАІ анықталмаған адамдарда жоғары болды.

Көбінесе ТҚАІ бар адамдар дұрыс диагноз қою қиын болып, тиімсіз ем тағайындалуына тап болады.

"Заманауи емдеу әдістері науқастардың көпшілігіне кенеттен ісінуден үнемі қорықпай, қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді. Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінудің емі екі түрге бөлінеді – аурудың жедел ұстамасын жеңілдету үшін емдеу және оның өрбуін болдырмау үшін профилактикалық дәрі-дәрмектерді қабылдау. Негізгі әдіс болып аурудың симптомдарын бақылауда ұстауға және одан әрі асқынуының алдын алуға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді профилактика табылады", - дейді Алматы қ. Республикалық аллергология орталығының басшысы Арай Батырбаева.

Оның айтуынша науқастар мен олардың отбасылары осы сырқатпен күресте жалғыз емес екенін есте ұстауы тиіс. Дәрігер ауруды бақылауда ұстап, оның күнделікті өмірге әсерін барынша азайтуға көмектесетін заманауи дәрі-дәрмектер мен емдеу әдістері бар екенін айтады, ең бастысы - көмекке жүгінуден қорықпау керек және дәрігерге сенім арту керек.

Жарнамалық материал
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная