05 қазан 2022 | 16:38

"Тікелей жауапкершілігі". Тоқаев әкімдерге ескерту жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуінде коммуналдық желілердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуінде коммуналдық желілердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Коммуналдық желілердің жай-күйі - бұл жылдар бойы қордаланған және дұрыс емес тарифтік саясат салдары болған жүйелік проблема. Жалпы, тарифтерді ұстап тұру қажеттілігі мен инфрақұрылымға инвестициялау қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті табу керек. Бұл негізгі қағида", - деді Тоқаев.

Президент инвестициялық алымдар тек осы мақсаттарға жұмсалуы керек және меншік иелері үшін негізсіз пайда көзіне айналмауы керек екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Жолдауда мен монополиялық нарықтардағы "Инвестиция орнына тариф" жаңа тарифтік саясатына көшуді тапсырдым. Үкіметтен осы бағытта нақты нәтижелер күтемін.

Қазір ең бастысы, алдағы жылыту маусымының штаттық режимде өтуі, бұл барлық өңір әкімдерінің тікелей жауапкершілігі", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная