24 ақпан 2023 09:58

Тікұшақтағы төтенше жағдай: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында тікұшақтың қатты қонуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы қалыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында тікұшақтың қатты қонуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы қалыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккен ер адамдар 1961 және 1987 жылы туған.

"Екеуіне де жабық бассүйек-ми жарақаты, миының шайқалуы, қабырға асты аймағының көгерген жарақаты диагнозы қойылды. Олар Орал қалалық көпсалалы ауруханасының нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайлары бірқалыпты", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше, 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысындағы ашық аумақта, Орал қаласынан 54 шақырым жерде Ми-8 АМТ ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы қатты қонды. ТЖМ мәліметі бойынша, бортта 5 экипаж мүшесі мен 1 жолаушы болған.

Оқиға салдарынан ТЖМ "Қазавиақұтқарудың" төрт қызметкері қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram