13 ақпан 2024 | 15:13

"Тілі ұзын әйел" туралы мәлімдеме авторы кешірім сұраудан бас тартты

Анас Баккожаев. Фото:parlam.kz

Бұған дейін отбасындағы жанжалдардың бәрі "әйелдің тілінің ұзындығынан" туындайды деп мәлімдеген Мәжіліс депутаты Әнес Баққожаев бұл үшін кешірім сұрайтын ештеңесі жоқ деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұған дейін отбасындағы жанжалдардың бәрі "әйелдің тілінің ұзындығынан" туындайды деп мәлімдеген Мәжіліс депутаты Әнес Баққожаев бұл үшін кешірім сұрайтын ештеңесі жоқ деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер депутатқа мұндай мәлімдеме жасау қаншалықты дұрыс деп ойлайтыны туралы сұрады. Депутат әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігі туралы заң жобасының қабылдануын қолдайтынын баса айтты.

"Мен психологиялық құралдарға назар аудардым. Яғни, ер адам әйелге физикалық түрде әсер ете алатын болса, әйел де психологиялық түрде әсер етеді. Бұл жерде мұндай жанжал міндетті түрде ұрыс-керіс не күш қолданумен аяқталуы керек дегенді айтып отырған жоқпыз. Жоқ, зорлық-зомбылықты мүлдем жоққа шығарамын. Мен кез келген күш қолдануға қарсымын", - деді Анас Баққожаев.

Реклама
Реклама

Мәжілісменнің айтуынша, әйел – шаңырақтың ұйытқысы, сондықтан ол отбасын сақтауға жауапты.

"Дегенмен әйелдің еркекке психологиялық әсері күшті. Түсінесіз бе, еркек бар, әйел бар, бөлеміз ғой. Ер адам жұмыс істеп, ақша тауып, үйге табыс әкелуі керек болса, әйел бала тәрбиелеумен айналысады. Тиісінше, отбасын сақтауда әйелдің рөлі әлдеқайда жоғары. Бұл менің жеке көзқарасым. Әйел мүмкіндігінше сақтауға, яғни жағдайды ушықтырмауға, кез келген жағдайды жақсы аяқтауға тырысса, әрине, отбасы сақталады", - деді депутат.

Сондай-ақ, журналистер Баққожаев "бұрынғы мәлімдемесі үшін әйелдерден кешірім сұрауды қажет деп санай ма", сұрап көрді. Мәжілісмен кешірім сұрайтын ештеңесі жоқ деп жауап берді.

"Неге кешірім сұрау керек? Менің ойымша, бұл таза хейт. Сөз барысында мен бірден: "Кешіріңіздер, әйелдер", дедім. Бірақ мен дөрекі ештеңе айттым деп ойламаймын. Мен өз пікірімді айттым, оған құқығым бар. Оны он мыңдаған отбасы үйде талқыласа, менің ойымша, керісінше, жақсы", - деп қосты депутат.

Сондай-ақ, ол өз отбасы мүшелері әйелдің тілі ұзын деген мәлімдемесіне қалыпты қарағанын айтты.

"Мен бірдеңені бүлдірдім деп ойламаймын және бұл қалыпты жағдай", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная