ПОДЕЛИТЬСЯ
21 наурыз 2023 | 14:55
"Тілегі орындалады!" Тоқаев "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелік іс-шарада "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелік іс-шарада "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияның мақсаты - наурыз бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.
Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар, Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также