27 наурыз 2020 | 17:19

Тілектес Бәрпібаев Германияға ұшып барған ұшақты туысы жалдаған - сот

Нұр-Сұлтан қаласының сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев Германияға ұшып барған ұшақты оның туысы - кәсіпкер жалдаған. Бұл туралы елордалық сот баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев Германияға ұшып барған ұшақты оның туысы - кәсіпкер жалдаған. Бұл туралы елордалық сот баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде Тілектес Бәрпібаевқа қатысты жазбалар тарап кеткен. Деректердің толық емес және бұрмаланғанын ескере отырып, қалалық сот түсініктеме беруге шешім қабылдады. Бізге белгілісі, К.К есімді ер адам ірі кәсіпкер, Германияға отбасымен бармақ болған. Ол шетелге жоспарлы медициналық операциядан өтуге барған. 

Реклама
Реклама

К.К Caropan Company S.A. компаниясымен ұшақты 2020 жылдың 28 ақпаны мен 12 наурыз аралығында қолдануға келіскен. К. К. чартерлік рейс пайдаланылуының себебі оған жасалған операциядан кейін тасымалдауға қойылатын ерекше талаптар болған (ұшу кезінде отыра алмайтыны және жатқан күйі ұшуы керек болған)", - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

28 ақпанда ұшақ Нұр-Сұлтаннан ұшып кеткен. Бортта К.К - А.Е, оның 2017, 2018 жылғы екі немересі, М.А есімді азаматша, үш экипаж мүшесі мен Тілектес Бәрпібаев әйелімен болған. 

"Бәрпібаев пен К.К құда болған. Бәрпібаевтың берген түсініктемесіне сәйкес, ұшақта бос орындар болғандықтан және сол бағытта ұшуы керек болғандықтан ол жолаушы болып барған. 

Тілектес Бәрпібаевтың демалысқа шығуы туралы бұйрық 2020 жылдың 28 ақпанында шыққан. Өтініште ол шетелге медициналық тексерістен өтуге бара жатқанын айтқан. 2020 жылдың 12 наурызында К.К отбасымен Қазақстанға оралған. Ал Бәрпібаев медициналық тексерістен өтіп жатқан ауруханада қалған", - деп түсіндірді Ботагөз Баянова.

Еске салайық, бүгін елордада сот төрағасына қатысты тексеріс басталған болатын. Бұл тексерісті Нұр-Сұлтан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздігімен бірлесіп жүргізіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная