Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) бейресми саммитінің қорытындысы бойынша мүше елдердің басшылары Түркістан декларациясына қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Түркістанда ТМҰ-ның бейресми саммиті өтті. Биылғы басқосу тақырыбы - "Жасанды интеллект және цифрлық даму". Жиынға қатысушыларды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, мазмұнды баяндама жасады.
Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымы - әскери альянс емес
Шара барысында Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі төрағасы, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев, Ұйымның байқаушысы, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Туфан Эрхюрман, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.
ТМҰ деген не және неге саммит Түркістанда өтіп жатыр?
Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) бес мемлекет мүше: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан. Түрікменстан мен Мажарстан бақылаушы мемлекеттер. Ұйым түркі халықтары арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайту үшін құрылған.
Түркістан түркі әлемінің рухани астанасы ресми мәртебесіне ие - бұл мәртебе 2021 жылдың наурызында бекітілген болатын. Содан бері қала ірі мемлекетаралық басқосулардың тұрақты алаңына айналды.
Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы деп атады