10 желтоқсан 2018 14:03

Тоғжанов бауырының Сапарбаевтың орынбасары болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді

© Tengrinews.kz

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бауыры Марат Тоқжановтың Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бауыры Марат Тоқжановтың Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ералы Тоғжанов оның бұл қызметке тағайындалуына қатысы жоқ екенін айтады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкіміне бауыры екеуінің тегі неліктен әр түрлі екені жайлы сұрақ қойылды.

"Неге? Біздің тегіміз бір, тек әріптері әр түрлі. Ата-анамыз да бір. Ол үшін қуаныштымын, ол түрлі қызметтерде жұмыс істеген болатын. Аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары қызметтерінде болды. Бұл Ақтөбе облысы әкімінің шешімі. Сондықтан барлық сұрақты сонда қоюды сұраймын", - деді Ералы Тоғжанов.

Еске салайық, 4 желтоқсанда Марат Тоқжановтың Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны хабарланған еді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аппарат кеңесі барысында  жаңа орынбасарды таныстырған еді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram