07 маусым 2022 | 12:38

Тоғжанов Қазақстандағы мерзімді әскери қызметті алып тастау туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер премьер-министрдің орынбасарына тек келісімшарт бойынша қызметті қалдырып, мерзімді әскери қызметке шақырудан бас тарту мүмкіндігі туралы сұрады.

"Менің ойымша, мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес. Жастар әскери борышын өтеуі керек. Тағы бір мәселе, барлық мүдделі мемлекеттік орган, бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі осы жігіттердің бәрінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті", - деп жауап берді Тоғжанов.

Реклама
Реклама

Премьер-министрдің орынбасары Отар қаласындағы 25171 әскери бөлімінде әскери борышын өтегенін атап өтті.

"Әртүрлі жағдай болды, сарбаздар қазасы да болды. Ол кезде жалпыға бірдей міндеттеме (міндетті әскери қызмет - еск.) болды, бүгінде ондай міндеттеме жоқ. Қазір барлық қамту небәрі 35 мыңды құрайды, жыл сайын біз қызметке 35 мың баланы жібереміз", - деп жауап берді Тоғжанов.

Тоқаев әскердегі өлім-жітім жағдайларына байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная