28 қараша 2023 11:53

Того президенті Астанаға ұшып келді

Фото: republicoftogo.com

Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Астанаға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Астанаға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Того президентін Астана әуежайында Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қарсы алды.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.

Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram