10 қаңтар 2021 | 12:20

Тоқаев 15 қаңтарда Парламентте үндеу жасайды

© akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда Парламентте Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда Парламентте Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Реформалар дайындалып жатыр. Реформа бір орында тұрмауы керек. 15 қаңтарда Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасаймын. Артынша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өтеді, ол жерде реформаға қатысты маңызды мәселе көтеріледі", - деп жауап берді Президент журналистердің сұрағына. 

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы бұл жолғы сайлау Қазақстан демократиясын дамытуда алға жасалған қадам болуы тиіс екенін айтты.

"Әр сайлау - азаматтық батылдықты анықтауда маңызды емтихан. Біздің Парламентте әртүрлі партия болады деп үміттенемін. Жалпы еліміздің болашағына қатысты сұрақтар бойынша Парламентте талқылаулар болуы керек. Екіншіден, Парламент сапалы заңдарды қабылдауы қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Үкімет отставкаға кетуі тиіс екенін айтқан болатын. Одан бөлек, Президент наразылық білдіруге қатысты пікірін айтқан болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная