13 маусым 2022 10:18

Тоқаев 4 күнде қайда барады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13-19 маусым аралығындағы жұмыс кестесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13-19 маусым аралығындағы жұмыс кестесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 маусымда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады.

17 маусымда Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен мерейтойлық XXV Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады. Мемлекет басшысы ПХЭФ пленарлық отырысында сөз сөйлейді, сондай-ақ, бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

19 маусымда Қазақстан көшбасшысы президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер, сондай-ақ, бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланған.

Еске салайық, XXV Петербург халықаралық экономикалық форумы 2022 жылғы 15-18 маусым аралығында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram