ПОДЕЛИТЬСЯ
10 тамыз 2020 | 17:08
Тоқаев Абай мұрасын насихаттағаны үшін шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды марапаттады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мұрасын насихаттағаны үшін шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды марапаттады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мұрасын насихаттағаны үшін шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды марапаттады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады", - деп жазды Берік Уәли Facebook желінсіндегі парақшасында.
Жоғары марапат иегерлері:
Америко Эдельсио - Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы
Ганем Халед Ас-Саид - Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы
Кибар Зафер - жазушы, Түркия Республикасы
Кошут Леонард - әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы
Манн Джейн - Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
Мәжит Ақбар - жазушы, Қытай Халық Республикасы
Пряхин Георгий Владимирович - Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы
Пуиг Мария Санчес - Мадридтегі "Комплутенсе" университетінің профессоры, Испания Корольдігі
Хачатрян Шушан - Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы
Хуанчжан Ха - аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы
Шатқам Қажымұхамет - жазушы, Иран Ислам Республикасы.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также