15 шілде 2021 16:59

Тоқаев Әбсаттар қажының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

"Әбсаттар Бағысбайұлы еліміз үшін еселі еңбек етті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен басталған ұстаздық жолы жемісті болды. Арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі ретінде ғылымға терең бойлап, монографиялар мен құнды еңбектер жазды. Сонымен қатар еліміздің сыртқы саясаты саласында қызмет етіп, Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ынтымақтастық байланыстың өркен жаюына атсалысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болған тұсында ислам дінінің құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің нығая түсуіне қомақты үлесін қосты.

Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына мол ғылыми мұра қалдырған Әбсаттар қажы Бағысбайұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Халқымыз көрнекті ғалымның есімін әрдайым ардақ тұтады", - делінген Президенттің жеделхатында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін бұрынғы бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі өмірден өтті. Қажының өкілінің сөзінше, Әбсаттар Дербісәлі бүгін 02.00 шамасында өмірден өткен.

"Пневмония және негізі жүректен, яғни кардиологиядан қайтыс болды", - деді қажының өкілі.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram