05 қаңтар 2023 | 17:41

Тоқаев адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: akorda.kz/

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында конституциялық реформаға сәйкес, Конституциялық сот пен Жоғарғы Сотқа жүгіну арқылы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңа өкілеттіктері, сондай-ақ Бас прокуратурамен өзара іс-әрекет мәселесі талқыланды.

Президент қылмыстық іс бойынша сот төрелігі мен жазаны өтеу барысында азаматтарға берілетін конституциялық кепілдікті күшейту үшін сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының нақты шаралар қабылдауы маңызды екеніне назар аударды.

Реклама
Реклама

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Омбудсмен институтын одан әрі дамытуға және оның әлеуетін нығайтуға бағытталған басым міндеттерді атап өтіп, адам және азамат құқықтарының бұзылмауына берілетін конституциялық кепілдікті одан әрі күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная