25 мамыр 2021 | 09:01

Тоқаев әкімдер сайлауы туралы заңға қол қойды

Tengrinews.kz мұрағатынан

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға әкімдерді сайлауды енгізу мен барлық үміткерге қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға әкімдерді сайлауды енгізу мен барлық үміткерге қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заң бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімін тікелей сайлау енгізіледі. Мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегі де төмендетілді.

Реклама
Реклама

Енгізілген өзгерістер:

  • аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне үмткерлік ұсыну: өзін-өзі ұсыну тәртібі (тиісті қалада немесе ауылдық округте тұратын сайлаушылардың кемінде бір пайызының қолдау үшін қол жинау арқылы); саяси партияларда өз мүшелері арасынан; егер ұсыну мерзімінің соңында екіден кем үміткер ұсынылған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі үміткер ұсынады.
  • үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан азаматы; жасы - 25 жастан кіші емес; осы лауазымға қойылатын білік талаптары; барлық мемлекеттік қызметкер үшін жалпы шектеулер, мысалы, соттылық, жұмысқа қабілетсіздік;
  • үміткердің заңнамада белгіленген ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі;
  • сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау науқанының мерзімі 30 күн;
  • ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады;
  • Мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7-ден 5 пайызына дейін төмендету жөнінде нормалар енгізу.
  • барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне "бәріне қарсы" бағанын енгізу.

Бұған дейін ел Президенті әкімдер сайлауы 2024 жылы өткізілуі тиіс деп мәлімдеген болатын.

2021 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "бәріне қарсы" бағанын енгізуді ұсынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная