02 сәуір 2021 | 15:05

Тоқаев әкімдермен екі өңірдегі жағдайды талқылады

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімімен өңірдегі жағдайды талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, су тасқынына қарсы қабылданған шаралар, вакцинация барысы, Аршалы және Целиноград аудандарын табиғи газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қосшы ауылындағы әлеуметтік және инженерлік-инфрақұрылымдық жағдайды жақсарту бойынша Президент берген тапсырманың орындалуы туралы есеп берді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, су тасқынына қарсы шаралар, көктемгі дала жұмыстарына дайындық, "Еңбек" бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады.

Реклама
Реклама

"Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаев пен Құмар Ақсақаловқа өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға, көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүргізуге және басқа да мәселелерге қатысты бірқатар тапсырма берді", - деп жазды Берік Уәли.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram