ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 қазан 2024 12:11
Тоқаев Ақордада Армения президентін қарсы алды
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу