ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 сәуір 2024 11:06
Тоқаев Ақордада Жапаровты қарсы алды
Ақорда резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғыз басшысы Ақордаға Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін келді. Жапаров Қазақстанда ресми сапармен жүр.
Резиденцияға екі елдің министрлер кабинетінің мүшелері жиналды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды.
Құрметті қарауыл ротасының басшысы екі ел басшыларына құттықтау рапортын беріп, Қазақстан мен Қырғызстанның әнұрандары шырқалды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу