Тоқаев Ақордада Путинді қарсы алды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Ресей президенті Владимир Путинді қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Ресей президенті Владимир Путинді қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға келді. Ол Қазақстанда ресми сапармен жүр.

Дәстүр бойынша резиденцияға екі елдің министрлер кабинетінің мүшелері жиналды. Қасым-Жомарт Тоқаев келгенде салтанатты рәсімнің ресми бөлімі басталды.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды.

Құрмет қарауыл ротасының басшысы екі ел басшыларына құттықтау рапортын беріп, Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Президенттер күлімдеп қол алысып, кездесуді шектеулі құрамда жалғастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама