ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 мамыр 2025 11:14
Тоқаев Ақордада То Ламды қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Ақорда" резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу