Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз", – делінген Президенттің жеделхатында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама