19 қазан 2022 | 10:34

Тоқаев ақтаулық егіз Қасым мен Жомартқа хат жолдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:mangystaumedia.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақтаулық 13 жастағы егізге хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақтаулық 13 жастағы егізге хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз хатында балалардың елге адал қызмет етіп, биік белестерді бағындыратын азамат болуын тілеген. Тоқаев олардың дипломат болуға деген ұмтылысын құптап, бұл мемлекетке аса қажет мамандық екенін, сонымен қатар жауапкершілік екенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент бүгінгі жасөспірім - ертеңгі ел иесі екенін айтты.

"Сендер қаншалықты білімді, білікті болсаңдар, еліміздің келешегі соншалықты кемел болады. Зульфия әжелеріңнің, ата-аналарыңның, елдің үмітін ақтайтындарыңа кәміл сенемін. Өздеріңдей көп тіл білуді мақсат еткен, Отанын шексіз сүйетін жастардың өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Әрдайым осындай белсенді, талапты болыңдар. Өмірде биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспін!" - деп жазды Президент.

Реклама
Реклама

Сурет: mangystaumedia.kz

Қасым мен Жомарт Президенттен хат алғанына дән риза. 

"Олар хатты қайта-қайта оқып, достарына алған әсері туралы айтты. Президенттің тілегі орындалуына тілектеспіз", - деді егіздің әкесі Ерлан Мәуленов. 

Еске салайық, Қасым және Жомарт есімді егіз Ақтауда тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная