ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2021 11:56
Тоқаев: әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қоғам бақылауында болуы керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының (ӘКК) жұмысын қоғам толық бақылауы үшін ашық болуын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының (ӘКК) жұмысын қоғам толық бақылауы үшін ашық болуын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өңірлер әлеуетін арттыру үшін әлеуметтік және кәсіпкерлік корпорациялар құрылды, мұндай құрылымдар қазір барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалада жұмыс істейді.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын толыққанды институтқа айналдыратын уақыт келді. Аймақтық корпорациялар жұмысы ашық және толығымен қоғам бақылауында болуы қажет. Дәрменсіз және мардымсыз активтер оның қарамағынан шығарылуы керек", - деді Мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесі отырысында.
Оның айтуынша, корпорациялар қызметін үйлестіру үшін көп жұмыс қажет.
"Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігі құзыретін күшейтуіміз керек", - деді ол.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также