20 қазан 2022 | 10:15

Тоқаев Алматы облысы неге екіге бөлінгенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы неге екіге бөлінгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы неге екіге бөлінгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде Президент бұрынғы Алматы облысының жер көлемі тіпті үлкен болғанын айтты.

"Біз жергілікті басқару ісін жетілдіру үшін облысты екіге бөлдік. Бұл – мұқият ойланып жасалған қадам. Себебі бұл ең алдымен, тұрғындар үшін қолайлы екені анық.

Қазір Жетісудың әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыруға бюджеттен қаржы бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл шешім аймаққа инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Біздің басты мақсатымыз да – осы", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная