ПОДЕЛИТЬСЯ
22 тамыз 2021 | 11:54
Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Бері Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Бері Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында "Қайсар-2021" шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады", - деп жазды Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында.
Ертең, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізетіні де хабарланды.
"Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады", - деді баспасөз хатшы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также