ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2022 | 12:43
Тоқаев Алматы облысында бірқатар азаматты марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Алматы өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
- "Парасат" орденімен Ұлттық қой өсірушілер одағы кеңесінің төрағасы Тынышбай Досымбеков;
- "Құрмет" орденімен еңбек ардагері Виктор Иванович Волокитин;
- "Ерлігі үшін" медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағы Қонаев қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Қуаныш Қайыржанұлы Қайыржан;
- "Ерлігі үшін" медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері Жасұлан Жақсылықұлы Нүсіпов;
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Оңтүстік агропаркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Қали Жетібайұлы Қаңтарбаев;
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен Абай ауылындағы №2 орта мектебінің директоры Бәтима Кәлпеқызы Нысанбаева;
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен Жамбыл аудандық "Атамекен" газетінің аға тілшісі Рәпбек Сәдуақасұлы Терлікбаев наградталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также