17 наурыз 2021 | 20:19

Тоқаев Алматыда пайдаланылмай тұрған жер бойынша тапсырма берді

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңесте қаладағы жер тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңесте қаладағы жер тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті инфрақұрылымдық тұрғыдан дамыту мәселесіне жеке тоқталды. Атап айтқанда қаланың Түрксіб және Жетісу аудандарындағы ескі үйлерді қайта жаңғырту қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар көгалдандыру, қаладағы тазалықты сақтау, құрылыс кезінде сейсмологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, таулы аумақтардан жер телімдерін беруге қатаң бақылау орнату мәселелері жайында да айтты.

"Жалпы Алматыда жер тапшы екені белгілі. Бірақ Бас прокуратураның мәліметіне қарасақ, қалада 3,7 мыңнан астам гектар жер пайдаланылмай отыр. Оның бәрін толыққанды экономикалық айналымға енгізу қажет", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдікке қала құрылысының интерактивті картасын әзірлеуді ұсынды. Бұл, ең алдымен, осы саладағы жұмыстың мейлінше ашық болуы үшін қажет. Президент қоғамдық бақылаудың қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, құрылыс жүргізу үшін Қоғамдық кеңестің келісімі талап етілетін жерлер картада айқын белгіленуге тиіс.

Мемлекет басшысы Алматы үлкен айналма күре жолын қаланың орталығымен байланыстыратын жолдар туралы пікірін айтты.

"2021 жылы Абай даңғылын бөлуді аяқтау үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа екі миллиард теңге мөлшерінде қосымша қаржы керек екені анықталып отыр. Барлық шығынды бірден нақты жоспарлауға болмай ма? Әлде мұның басқа бір себептері бар ма?" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная