ПОДЕЛИТЬСЯ
01 маусым 2022 | 13:24
Тоқаев Алматыдағы балалар фестиваліне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Алматы БалаFEST" қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Алматы БалаFEST" қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Ботаникалық бақта өтіп жатқан "Алматы БалаFEST" мерекелік балалар фестивалі Президент жариялаған "Балалар жылы" аясында ұйымдастырылған.
Ботаникалық баққа бір ай бойы байқауға қатысқан әртүрлі жастағы балалар жиналды. Қала мектептерінің, гимназиялардың, интернаттардың 5 пен 17 жас аралығындағы 300 мыңнан астам оқушысы қабілетін, шеберлігін және дарынын көрсете отырып, спорт, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға қатысқан.
Ботаникалық бақ аумағында бірнеше негізгі аймақ бар:
- "ART SPACE" аймағы
- "Кітаптар қазынасы" кітап көрмесі
- "ECO LAB" экологиялық аймағы
- "Шахмат әлемі" аймағы
- "ROBO LAND" аймағы
- "Жас өрендер" концерт алаңы
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также