Тоқаев Алматыдағы ЖЭО бойынша тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы кезінде Алматыдағы ЖЭО бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы кезінде Алматыдағы ЖЭО бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жергілікті жерлерде инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі бұрыннан бар. Үкімет "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, келесі ауқымды жобаны іске асыруға кірісуі керек, бұл Алматы ЖЭО-2 алаңында газ қондырғысын салу, ЖЭО-3 бойынша жаңғырту және ЖЭО-1 бойынша кеңейту жұмыстары. Оңтүстік өңірде 1000 мегаватт жаңа өндіруші қуатты іске қосу. Алматы мен Алматы облысында кабельдік желілерді қайта құру", - деді ол.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Алматыдағы энергия кешенін дамыту және қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселесіне назар аудару қажет екенін айтқан болатын. Үкіметке ЖЭО-2-ні газға ауыстырудың құны мен техникалық шешімін түпкілікті анықтауды тапсырды.

Реклама
Реклама

2021 жылдың мамырында Тоқаев Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға көшіруді кешіктіруге "мүлдем жол берілмейтінін" мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама